Print

1 15

Бүгін «ҚТЖ» ҰК» АҚ-ында Қазақстан- Түркменстан- Иранмен арадағы жаңа темір жол желісін пайдалану жайы талқыланды.

Өткен жылы желтоқсанда үш мемлекет басшылары Н. Назарбаев, Г. Бердымұхамедов, Х. Рауханидың қатысуымен  Өзен-Берекет-Гөрган транс шекаралық темір жол магистралы ашылды. 

Жақында  үшжақты келісімге дейін ҚТЖ вице-президенті Қанат Алпысбаев Иран темір жолының президенті Хусейн Ашуримен кездескен болатын.

Бүгінгі іскерлік кездесу барысында ҚТЖ вице-президенті Қанат Алпысбаев Түркменстан темір жол көлігі министрінің орынбасары Бегенч Гелдиевпен және Иран темір жол қозғалысы мен пайдалану жөніндегі вице-президенті Хусейн Ашуримен бірқатар мәселелерді ортаға салды. Оның ішінде үш мемлекеттің аумағында жүрдек контейнерлік пойызды ұйымдастыру жайы қаралды.

Қытайдан шығатын контейнерлік пойызды Қазақстан аумағы арқылы транзитпен Түркменстан, Иранға одан әрі Түркияға, Индияға, Пәкстан мен Парсы шығанағы елдеріне жіберу талқыланды. Қазақстанан шығатын ферроқорытпаны Бендер-Аббас портына жеткізу, әрі қарай Оңтүстік Корея, Жапонияға шығаруға дайындығы сарапталды.

Сондай-ақ, Қазақстан- Түркменстан – Иран халықаралық темір жолымен жүк тасымалдаудың бірыңғай тарифын белгілеу және баламалы бағдарларының жайы да сөз болды.

Тараптар Қазақстаннан Ресейге, Тегеранға дейін жеткізілетін, Иран аумағы арқылы Бендер-Аббас портына дейінгі транзиттік тасымалы және Қазақстаннан Иранға қара металл шығаруының барысын қарастырды.

Тараптар екі жақты және үшжақты отырыстар барысында айтылған мәселелерге қатысты хаттамаларға қол қойды.

«ҚТЖ» ҰК» АҚ Баспасөз қызметі

Керекті сілтемелер